Аймағамбетов: Қашықтан оқу – пандемия біткеннен кейін де жалғасатын тренд

16 Қараша 2021, 11:32
1153
Бөлісу:
 Аймағамбетов: Қашықтан оқу – пандемия біткеннен кейін де жалғасатын тренд

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.

Министр маңызды сұрақтардың бірі оқуға түсу процедурасының ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету екенін айтты.

Осы мақсатта біз биыл ҰБТ-ның жаңа жүйесін енгіздік. 2021 жылы елімізде алғаш рет ҰБТ «1 компьютер – 1 камера – 1 тестіленуші» принципі бойынша электрондық форматта өткізілді. Оған қоса тесттерде фактологиялық білімді тексеруден ойлау қабілетін, сауаттылығын анықтау үшін тест тапсырмалары жаңартылды, - деді Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, магистратураға түсу және докторантураға емтихан тапсыру үшін тестілеудің компьютерлік форматы енгізілді.

Пандемия кезінде қашықтан оқыту қажеттілігі пайда болды. Бұл енді пандемия біткеннен кейін де жалғасатын тренд екені анық. Сондықтан жоғары оқу орындарында цифрлық экожүйе қалыптастыру, LMS платформалар, виртуалды зертханалар, прокторинг жүйелері кеңінен енгізілуде.Сапаны қамтамасыз ету үшін білім, медицина, авиациялық, құрылыс, өнер, әскери іс сияқты бағыттар үшін қашықтан сабақтардың тек 20% беру рұқсат ету туралы шектеу қойылды.Сапаны көтерудің тағы бір тетігі бәсекелестікті арттыру болып табылады, - дейді Білім және ғылым министрі.

Өзгелердің жаңалығы