Қару сатпақ болған студент қолға түсті

12 Қазан 2021, 23:05
5844
Бөлісу:
Қару сатпақ болған студент қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қалалық ПБ Әуезов ПБ қызметкері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында онлайн хабарландырулар платформасының «спорттық коллекция» санатында белгісіз тұлға «кастет» суық қаруын заңсыз сатпақ болған жарнаманы байқаған.

Аталған ақпаратты тексеру үшін Криминалдық полиция бөлімінен арнайы топ құрылды. Белгісіз тұлғаны анықтау үшін полиция қызметкері өзін сатып алушы ретінде таныстырады. Сатушы заң бойынша алып жүруге рұқсат етілмеген суық қаруды тұрғылықты жерінен өзімен бірге алып, тұтынушыға жеткізбек болады. Нәтижесінде күдіктінің Семей қаласының 18 жасар тұрғыны екені белгілі болады. Жауап алу барысында студент кінәсін мойындады,- деді Семей қалалық Полиция басқармасының бастығы Шалқар Құнанбаев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Өзгелердің жаңалығы