Бас жаңалықтар
Кардиолог қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керегін айтты
08 Қазан 2021, 10:32 17062

Кардиолог қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керегін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Артериалдық қан қысымы - біздің жүрек-қантамыр жүйесі қалай жұмыс істейтінін айғақтайтын белгі. 

Бұл туралы дәрігер-терапевт, медицина ғылымдарының кандидаты, кардиолог Азизхон Аскаров айтты, деп хабарлады aif.ru.

Әр адам өзінің қан қысымын білуі қажет. Ешқандай патологиясы жоқ 18-ден асқан адамдар жылына кемінде бір рет қан қысымын өлшеп тұруы керек. Ал 35 жастан асқан адамдар - жарты жылда бір рет өлшеп тұрғаны абзал. Егер қауіп-қатер факторлары болса, жиі өлшеп отырған дұрыс. Бұндай факторларға жаман әдеттер, артық салмақ, ауыр жұмыс, күйзеліс, қант диабеті, тұзды көп тұтыну, тұқым қуалайтын аурулар, - деді Аскаров.

Кардиологтің сөзінше, қалыпты жағдайда дені сау адамның қан қысымы - 120/80-ді құрауы тиіс. 130/80 - жоғары, бірақ қалыпты қысым мөлшері саналады. Патология 140/90-нан басталады. Бұл ретте дәрігерге көрінген дұрыс.

Аскаров қан қысымын қалай дұрыс өлшеу керегін айтып берді. Құралдың манжеті шынтақ деңгейінен екі саусақ (3-4 см) жоғары болуы керек. Манжетаны кигізгеннен кейін бір саусақ сияқтындай тығыз болып тұрғанына көз жеткізу қажет. Өлшеу нәтижесі дұрыс шығуы үшін манжета киілген қол жүрек деңгейінде болуы тиіс. Яғни қолды төмен түсіріп отыруға болмайды.

Қан қысымын қолайлы киімде, жарты сағат демалып алған соң өлшеген дұрыс. Қан қысымын өлшер алдын жарты сағат бұрын темекі шекпей, кофеині бар сусындар - шай мен кофені ішпеген абзал. Қан қысымын өлшеу кезінде арқасы бар орындықта ыңғайланып отырған дұрыс.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...