Карантинде 42 500 теңге төлене ме? Тоғжанов нақтысын айтты

2 Шілде 2020, 17:40
5026
Бөлісу:
Карантинде 42 500 теңге төлене ме? Тоғжанов нақтысын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандықтарға 42 500 теңге мөлшерінде әлеуметтік төлем төленбейді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов кесіп айтты.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында тілшілердің бірі 42 500 теңге көлеміндегі әлеуметтік төлемге қатысты сұрақ қойды.

42 500 теңге көмегі тоқтады. Бірақ, әлі толық жұмысқа шыға алмай отырған мекемелер бар. Кәсіп иелері табыс жоқ болған соң, барлық қызметкерге әлеуметтік төлем жасай алмаймыз дейді. Мұндай жағдайда халыққа енді әлеуметтік төлем жасала ма?, - деді сауал жолдаған тілшілердің бірі.

Вице премьер әлеуметтік төлем азаматтарға елде төтенше жағдай жариялануына байланысты төленгенін атап өтті.

Төтенше жағдай тоқтағаннан кейін оған ешқандай заңнамалық негіз жоқ. Сол себепті азаматтар әрі қарай мүмкіндігінше жұмыс істеген жерлерінде қызметін жалғастыруы тиіс. Осы жағдаймен тікелей байланыстыруға ешқандай негіз жоқ деп ойлаймын, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы