Карантин режимін бұзған 70 алматылыққа айыппұл салынды
18 Қараша 2021, 16:53 89

Карантин режимін бұзған 70 алматылыққа айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин хабарлады. 

Сондай-ақ ол карантин сақталмаған жағдайда тәртіп бұзушыларға қандай қауіп төнетінін еске салды.

Кейбір «қызыл» мәртебесі бар алматылықтар дәрігерлердің талаптарын елемей, қоғамдық тамақтану орындарына, сауда ойын-сауық орталықтарына, қала кинотеатрларына баруға тырысуда. Барлық бұзушыға – 70 адамға 30 АЕК айыппұл салынды, - деп атап өтті Жандарбек Бекшин.

Сол себепті карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша жұмыс жалғасады деп отыр.

Қала тұрғындарын «жасыл» аймаққа кіргеніне қарамастан, алыс және жақын шетелдердегі коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуін ескере отырып, карантиндік шараларды сақтауды жалғастыруға және белсенді вакциналануға шақырамын. Тек ұжымдық иммунитет қала тұрғындары арасында вирустың таралуын және індетті тоқтатады, яғни таралу тізбегін үзе алады, - деді Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері.

Мегаполис тұрғындарының 31,5%-ы инфекцияны бұрынғыдай сауда нысандарында, 22,0% - үй жағдайында, 18,3% - қоғамдық көлікте және 10,2%-ы базарларда жұқтыруда.

Еске сала кетейік, бұған дейін бас санитарлық дәрігер коронавирусты кімдер жиі жұқтыратынын айтқан болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...