Қарағанды облысында 50 жұмысшы қаза тапқан

15 Шілде 2021, 19:19
4126
Бөлісу:
Қарағанды облысында 50 жұмысшы қаза тапқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ прокуратурасында жарақаттану туралы қылмыстық істерді тергеудегі заңдылықтың жай-күйі (2020 жыл және 2021 жылдың 6 айы бойынша), сондай-ақ олардың алдын алу бойынша жұмыстың тиімділігі қаралды.

Бұл туралы Қарағанды облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс-шараға құқық қорғау және арнайы органдардың басшылығы, сонымен бірге облыстың басқа да мемлекеттік органдары қатысты.

Аймақтың өнеркәсіптік екені атап өтілді. Мұнда халықтың көп бөлігі еңбек ететін әртүрлі бағыттағы көптеген кәсіпорындар шоғырланған. Сондықтан олардың қауіпсіздігі жұмыс берушілер және бақылау органдарының бірінші кезектегі басты міндеті. Статистикаға сәйкес, өндірісте жарақат алудың 230-ға жуық фактісі, оның 22% немесе 50-і өлімге әкелген – делінген баспасөз хабарламасында.

Қылмыстық істерді тергеудің проблемалық мәселелері, уәкілетті органдардың жұмысы талқыланды.

«Қауіпсіз еңбек» жобасы әзірленді, ол жосықсыз жұмыс берушілерді заңда белгіленген жауапкершілікке тартудың бірыңғай практикасын қалыптастыруға және еңбек жағдайларының лайықсыз болуына төзімсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар, полиция органдарында қолданылып жатқан істерді тергеу бойынша әдістемелік ұсыныстар таныстырылды.

Сонымен бірге, жарақаттану деңгейі жоғары аймақтарда арнайы жедел-тергеу топтарын құру жоспарлануда.

Өзгелердің жаңалығы