"Канелодан" бас тартқан әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

22 Ақпан 2020, 13:08
2047
Бөлісу:
"Канелодан" бас тартқан әлем чемпионы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Канелодан" бас тартқан әлем чемпионы Головкинді басқа салмақта жекпе-жекке шақырды. 

Екінші орта салмақта IBF чемпионы америкалық Калеб Плант (20-0, 12 КО) орта дивизионда IBF, IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасқысы келеді. Бұл туралы Vesti.kz сайтында хабарланды. 

Планттың сөзінше, оның командасы екінші орта дивизионда WBA (Super) чемпионы Каллума Смитпен белбеулер біріктіретін жекпе-жек өткізу жайлы ұсыныс жасаған және GGG-мен де байланысқа шыққан екен. 

Еске салайық, мұның алдында Калеб Плант мексикалық Сауль Альвареспен 2 мамырда жекпе-жек өткізуден бас тартқан болатын. Мұнысын ол мексикалықтың командасы ұсынысты өте қолайсыз уақытта әдейі жасайтындығымен түсіндірді.
Өзгелердің жаңалығы