«Канело» тағы бір белдікке ие болды

14 Ақпан 2021, 10:45
1480
Бөлісу:
«Канело» тағы бір белдікке ие болды

Алматы, BAQ.KZ.  Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес (54-1-2, 36 КО) The Ring журналының тұжырымы бойынша суперорта салмақтағы чемпиондық белдікті алды. Бұл белдік оған желтоқсан айында британдық спортшы Каллум Смитті жеңген соң тағайындалған. 

Sports.kz сайтының жазуынша, «Канело» The Ring журналының осымен үшінші белдігін алған, олардың барлығы түрлі салмақ дәрежесі бойынша тағайындалыпты. 

Атап айтар болсақ бірінші орта салмақ, орта және суперорта салмақ. 

Смитті жеңген соң Альварес WBA Super тұжырымы бойынша чемпиондық титулға ие болды, оған қоса WBC-дің вакантты белдігін иеленді. «Канело» келесі жекпе-жегін 27 ақпан күні өткізеді, қарсыласы түрік боксшысы Авни Йылдырым (21-2, 12 КО).

Өзгелердің жаңалығы