Бас жаңалықтар
«Канело» Сондерсті жеңді
VIDEO
09 Мамыр 2021, 11:22 381

«Канело» Сондерсті жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауль «Канело» Альварес екінші орта салмақтағы титулдар біріктіретін жекпе-жекте Билли Джо Сондерсті жеңді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Арлингтондағы AT&T Stadium аренасында өткен айқаста мексикалыққа тиесілі WBC, WBA және британиялықтың WBO титулы сарапқа салынды.

Жекпе-жек 12 раундқа есептелген болатын. Сондерс лайықты қарсылық көрсетіп, айқас кезінде кей төрешілер оған басымдық та беріп отырған. Алайда сегізінші раундтан кейін британиялық боксшының командасы рингке ақ орамал лақтырды. Сондерс жарақаттанып қалғанға ұқсайды, өйткені кейінгі минуттарда ол өзіне ұқсамады және үзіліс кезінде дәрігерлер оның көзін қарай берді. 

Осылайша, Сондерс карьерасында алғаш рет жеңілді. Ал «Канело» 56-шы рет жеңіске жетті. 



Фото: дереккөз
Загрузка...