"Канело" - әлемнің абсолют чемпионы

7 Қараша 2021, 20:00
1681
Бөлісу:
"Канело" - әлемнің абсолют чемпионы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 31 жастағы мексикалық Сауль "Канело" Альварес бокстан супер орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы атанды.

Vesti.kz-тің мәліметіне қарағанда, ол бүгін, яғни, 7 қарашада Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) MGM Grand аренасында 29 жастағы америкалық Калеб Плантпен жекпе-жекке шығып,  "Канелоның" WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері мен Планттың IBF титулдары үшін жұдырықтасты.

12 раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жетпей, 11-раундта ол алдымен нокдаун жасап, кейін қарсыласын нокаутқа түсірді. 

Естеріңізге сала кетейік, бұл Альварестің қатарынан жеңген сегізінші жекпе-жегі. Ол соңғы рет 2017 жылдың қыркүйегінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) алғашқы жекпе-жегін тең өткізген кезде рингтен жеңіссіз қайтқан. Бұл мексикалықтың мансабындағы 57-жеңіс, 39-шы мерзімінен бұрынғы жеңіс. Ал Плант алғаш рет жеңіліс тауып отыр. Оның қанжығасында 21 жеңіс бар. 

Айта кетейік, "Канело" жекпе-жек алдында GGG 76,2 келіге дейінгі супер орташа салмаққа көтерілсе, онымен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген еді. 

Өзгелердің жаңалығы