«Қалқан-2021» оқу-жаттығуы басталды
01 Қараша 2021, 21:17 143

«Қалқан-2021» оқу-жаттығуы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Гвардейск гарнизонында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасында «Қалқан-2021» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы басталды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Елімізден 250-ге жуық әскери қызметші, 40-тан астам брондалған және автомобиль техникасы, он бірлік авиациялық техника, сонымен қатар ұшқышсыз ұшу аппараттары қатысады.

Оқу-жаттығу барысында екі елдің әскери қызметшілері қосымша тактикалық жасақ құрамында бірлескен арнайы операцияны ұйымдастыру және оны өткізу мәселелерін пысықтайды.

Оқу-жаттығу арнайы операцияны ұйымдастыру және өткізу барысында басқару органдары мен бөлімшелерінің іс-қимылдарының үйлесімділігін жетілдіруге, арнайы мақсаттағы бөлімшелер жеке құрамының машығын арттыруға, сондай-ақ халықаралық әскери ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Қазақстан мен Өзбекстан Қарулы Күштерінің арнайы мақсаттағы бөлімшелері арасындағы «Қалқан-2021» бірлескен тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы биылғы жылдың 5 қарашасында аяқталады.


Фото: Жамиля МУРЗАБЕКОВА
Загрузка...