Қаланың сәнін кетіріп тұр. Көлгінов LRT құрылысы қашан жалғасатынын айтты

10 Ақпан 2021, 11:08
2588
Бөлісу:
Қаланың сәнін кетіріп тұр. Көлгінов LRT құрылысы қашан жалғасатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов тұрғындармен есептік кездесуінде айтты. 

Astana LRT - тұрғындарды алаңдататын мәселенің бірі. Оның құрылысы пандемия кезінде тоқтатылды. Себебі екінші дәрежелі банктерден сыртқы қарыз тарту керек болды. Бұл қазақстандық банктерден ғана емес, шетелдік банктерден де тартылады. Қазір бұл жұмыс жанданды, банктер қаржы тартуы керек, - деді ол.  

Көлгінов LRT-ның қалдықтары қаланың көркін бұзатынын айтты. 

Оларға көп қаржы бөлінді. Бұл жұмысты біз жалғастыратын боламыз. Қазір банктермен инвестиция тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді ол.  

Көлгінов Талдыкөл қалай абаттандыралатынын да айтып өтті. 

Талдыкөл айналасында экокеңістік жасау бойынша жоба бар. Абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Осы сынды жобаны әуежай маңындағы Майбалық өзені жанында да жүзеге асыру көзделіп отыр, - деді Көлгінов.  

 

Айта кетейік, әкім есептік кездесу барысында тұрғындардың сұрағына онлайн жауап беріп жатыр. Қалған азаматтар онлайн байланыс арқылы әкімге тікелей сұрақтарын жаудырып жатыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай елордада денсаулық паспортын цифрландырудың сервисі әзірленді.

Өзгелердің жаңалығы