Күрестен Олимпиадалық іріктеу турнирі кейінге қалды

21 Наурыз 2020, 07:21
1086
Бөлісу:
Күрестен Олимпиадалық іріктеу турнирі кейінге қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күрес түрлерінен Олимпиадаға Еуропалық іріктеу турнирі кейінге шегерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дода кеше Венгрияның Будапешт қаласында басталуы керек еді. Алайда коронавирустың таралу қаупіне байланысты жарыс кейінге қалды. Қазіргі кезде көптеген әлемдік және әлемдік емес турнирлер кейінге жоспарланған немесе өтпейді. Бұған 30 сәуірге жоспарланған күрес түрлері бойынша әлемдік іріктеу кіруі мүмкін.

Айта кетейік, күрестен Азияның іріктеу турнирлері де белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды.

Өзгелердің жаңалығы