Көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелері жер салығын төлемейтін болды

24 Маусым 2020, 11:12
2405
Бөлісу:
Көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелері жер салығын төлемейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді көпқабатты тұрғын үйлердің пәтер иелері жер салығын төлемеуі мүмкін. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді.

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне салық салу және инвестициялық ахуалды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқыланды.
Салық элементтерін (салық салу объектісі, салық базасы, мөлшерлемесін, есептеу және төлеу тәртібін) өзгертпей жеке тұлғалардың мүлік және жер салықтарын біріктіру ұсынылады, 2 салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл ретте, көппәтерлі тұрғын үйлердің иелері үшін жер салығын алып тастау ұсынылады, - деді Руслан Дәленов.
Оның айтуынша, құжатта жеке тұлғаларға салық салуды жеңілдету көзделген. Яғни, салық төлеушілерге қолайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылды.

Мәжіліс заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Өзгелердің жаңалығы