Бас жаңалықтар
Көлгінов жаңа мешіттің құрылысымен танысты
04 Тамыз 2020, 10:45 172

Көлгінов жаңа мешіттің құрылысымен танысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтанда салынып жатқан республикадағы және Орталық Азиядағы ең үлкен мешітке барды.

Бұл туралы қала басшысы өзінің Іnstagram-дағы парақшасында жазды. 
Қабанбай батыр даңғылы мен Мәңгілік Ел арасында орналасқан мешіттің құрылыс барысымен таныстым. Сыйымдылығы 30 мың адамға есептелген. Бұл мешіт – еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Құрылыс Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес түрік компаниясының демеушілік қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр. Өз тарапымыздан инженерлік желілер мен коммуникацияларды тарту бойынша жұмыстар жүргіземіз. Алаңдардағы құрылыс жұмыстары санитария нормаларын қатаң сақтай отырып жүргізілуі тиіс, – деп жазды Алтай Көлгінов.



Фото: дереккөз
Загрузка...