Көктайғақ, бұрқасын, тұман, жел болуы ықтимал – ауа райы

15 Қараша 2019, 08:12
2933
Бөлісу:
Көктайғақ, бұрқасын, тұман, жел болуы ықтимал – ауа райы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста кей жерінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады, солтүстік-шығыста, солтүстік-батыста және республиканың орталығында қар жауады. Кей жерде тұман күтіледі, жел күшейеді, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.  

Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ, бұрқасын күтіледі, кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, түнде кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Жамбыл облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. 

Алматы облысының кей жерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. 

Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, Түркістан облысында, күндіз Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы