Израильде карантин қайта енгізілді

25 Қыркүйек 2020, 11:22
1127
Бөлісу:
Израильде карантин қайта енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израильде карантин қайта енгізіліп жатыр, себебі соңғы тәуліктерде күніне 6 мыңнан астам жаңа инфекция жұқтыру жағдайлары анықталған, деп хабарлайды ru.euronews.com.

Еврей мемлекеті коронавирустың таралуы жағдайына орай әскери шаралар қабылдауда, билік Хайфада далалық аурухана салуда, онда 700-ден астам науқас болуы мүмкін, олардың 200-ге жуығы өкпені жасанды желдету аппараттарына қосылған.

Rambam далалық ауруханасының директоры, профессор Майкл Халбертальдың айтуынша,  далалық госпиталь 2 мыңға жуық пациентті қабылдауға қауқарлы.

Біз мұнда 2 мың пациентті қабылдауға дайынбыз, бірақ Денсаулық сақтау министрлігі осы уақытқа дейін COVID-19-ға шалдыққан 770 адамға медициналық көмек көрсетуді сұрады, олардың үштен бірі қарқынды терапия мен тыныс алу органдарының қолдауына мұқтаж, - деді ол.

Бейсенбі күні кнессет үкіметтің түнгі отырысында келісілген Министрлер кабинетінің шараларын мақұлдауы керек.

Израильдіктерге үйден бір шақырымнан артық шығуға тыйым салынады, жағажайлар, оқу орындары және азық-түлік дүкендерінен басқа кез келген сауда орындары жабылады.

Өзгелердің жаңалығы