Бас жаңалықтар
Израильде тұрғындар үкіметке қарсы наразылық акциясына шықты
27 Желтоқсан 2020, 11:07 151

Израильде тұрғындар үкіметке қарсы наразылық акциясына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халық ел премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды сыбайлас жемқорлыққа барды деп айыптап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сонымен қатар үкімет коронавирустық пандемияға қарсы тиісті шараларды дер кезінде қолға алмай, эпидемиологиялық ахуалды бақылаудан шығарып алды деп наразы.  

Осылайша наразы топ премьер-министрдің резиндециясының жанына жиналып, оның отставкаға кетуін талап етті. 

Айта кетейік, қазір Израильде осымен үшінші рет локдаун режимі енгізілген. 

Соңғы ресми ақпарат бойынша,  9 миллионға жуық халқы бар бұл елде 300 094 адам індет ілмегіне іліккен. 3 186 науқас қайтыс болды. 

Үкімет халықты мүлдем ойламайды. Парақор шенеуніктер кесірінен елдің жағдайы нашарлап кетті. Біз демократияны сақтап қалғымыз келеді, сондықтан үкіметке қарсы наразылық акциясына шығып жатырмыз, - дейді жергілікті тұрғын Итай Джабер.


Фото: дереккөз
Загрузка...