Бас жаңалықтар
 Италияда ауыр жарақат алған Қазақстанның екі азаматы елге жеткізілді
31 Мамыр 2019, 11:50 382

Италияда ауыр жарақат алған Қазақстанның екі азаматы елге жеткізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылы 30 мамырда Италиядағы жол-көлік оқиғасы салдарынан ауыр жарақат алған Қазақстанның екі азаматы Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасына ҚР санитарлық авиациясының күшімен сәтті жеткізілді. 

22 мамырда Италияның Сиена провинциясында Қазақстан Республикасының азаматтары отырған туристік автобус аударылды. Жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 09:30-да болған. Жергілікті шұғыл қызметтердің хабарлауынша, автобус кюветке шығып, аударылған. 

Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде түрлі дәрежедегі көптеген жарақаттары бар Қазақстанның 2 азаматы Италияның медициналық ұйымдарына шұғыл түрде емдеуге жатқызылды. 

Пациенттердің жағдайы азаматтық авиацияның рейстік авиажелілерін тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермегендіктен, ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен бірлесіп пациенттер отанына тасымалданды. 

Пациенттерді тасымалдау ҚР ДСМ Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының санитарлық авиациясының екі мобильді бригадасының сүйемелдеуімен жүзеге асырылды. 

"31 мамыр күні сағат 00: 50-де ұшақ Алматы қаласының әуежайына қонды бұдан әрі пациенттер Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасына жекізілді. Пациенттер бұдан әрі ем қабылдауды ауруханада жалғастырады. Қазіргі уақытта пациенттердің жағдайы тұрақты деп бағалануда, олар Алматы қаласының № 7 қалалық клиникалық ауруханасы дәрігерлерінің бақылауында", - делінген тараптылған ақпаратта.

2011 жылдан бастап 2019 жылдың 1 тоқсанына дейінгі аралықта ҚР санитариялық авиациясы Тайланд, Түркия, Швейцария, АҚШ, Оңтүстік Корея, Египет, Қырғызстан, Қытай Халық Республикасы, Ресей және басқа да елдерден 59 Қазақстан азаматын тасымалдады. Жақын және алыс шетелдерден барлық медициналық тасымалдау республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.



Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық