Бас жаңалықтар
Ірі сауда орындары қайта ашылатын болды
23 Наурыз 2020, 15:29 2940

Ірі сауда орындары қайта ашылатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Санитариялық және дезинфекциялық талаптарды сақтай отырып, ірі сауда орындарының қайта жұмыс істеуіне мүмкіндік берілді. Бұл туралы Сауда және интеграция министірлігі хабарлады.

Аумағы кемінде 2000 шаршы метрді құрайтын ірі сауда орталықтары мен базарларға төтенше жағдай кезінде жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алайда, белгілі бір шектеулер бар. Яғни, таңертеңгі сағат 10-дан кешкі 6-ға дейін аралықта ашуға болады. Бірақ санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейту қажет.

Бұл Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық сауда орталықтарына қатысты. Сауда және интеграция министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі "Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 жарлығы қолданылу кезіңде сауда объектілерінің жұмыс істеуі туралы ұсынымды бекіту туралы" бірлескен бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша шешім қабылдады.

Құжатта ауданы кемінде 2000 шаршы метрді құрайтын үлкен сауда нысандары (сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, азық-түлік базарлары) таңертең сағат 10: 00-ден кешкі 18: 00-ге уақыт аралығында санитарлық және дезинфекциялық шараларын күшейте отырып, жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеп барлық функцияларды толық орындаумен жұмыс істейді- делінген баспссөз хабарламада.
 
Сауда орындарындағы орналасқан азық-түлік дүкендері мен дәріханалар объектілер  әдеттегідей санитарлық және дезинфекциялық шараларын күшейте отырып жұмыс істей алады.

 Азық-түлік емес базарлар 11: 00-ден 17: 00-ге дейін санитарлық және дезинфекция шараларын күшейте отырып жұмыс істеуіне болады.
 
Қоғамдық тамақтандыру орындары келесі шектеулермен жұмыс істейді:

 - Сауда орындарының аумағында орналасқан кафелер тек азық-түлік жеткізумен айналысады.

 - Сауда орындарының аумағында жоқ кафелер 22.00-ге дейін жұмыс істеуі керек, келушілер саны - бір уақытта 50 адамнан аспауы тиіс.

Сауда орталықтары мен базарларды ашу туралы шешім сауда және қызмет көрсетумен айналысатын көптеген азаматтарымызды жұмыспен қамтамасыз етудің маңыздылығы негізінде қабылданды. Сонымен қатар, барлық кәсіпкерлерге санитарлық және дезинфекциялық шараларды күшейту жөніндегі бас санитарлық дәрігердің талаптарын орындаудың маңыздылығын ескеруді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Егер бұл ұсыныстар орындалмаса, аумақтың бас дәрігері мекеменің жұмысын тоқтатуға дейін шаралар қолдана алады.

 Ұсыныстар бүкіл Қазақстан бойынша қолданылады.  Бірақ әкімдердің және осы аумақтың бас санитарлық дәрігерінің шешіміне сәйкес қосымша шектеулер қабылдануы мүмкін.


Фото: дереккөз
Загрузка...