Иранның бірінші президенті қайтыс болды

9 Қазан 2021, 18:43
1694
Бөлісу:
Иранның бірінші президенті қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1980 жылы жаңадан құрылған Иран Ислам Республикасының бірінші президенті болған Аболхасан Банисадр 88 жасында Парижде қайтыс болды.

Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Белгілі болғандай, Аболхасан Банисадр ұзақ аурудан кейін сенбі күні Сальпетрье емханасында көз жұмған. 

Банисадр Хамадан провинциясында аятолла Сайед Насролла Банисадр отбасында дүниеге келген. Ол Теһран университетінде, алдымен теологиялық, кейін заң факультетінде білім алған.

Аболхасан Банисадр 1979 жылғы Ислам революциясынан кейін Иранның демократиялық жолмен сайланған бірінші президенті. Ол республикада бірінші рет 1980 жылдың ақпанынан бастап 17 ай қызмет етті. 1981 жылы 21 маусымда Иран Мәжілісі (парламент) Банисадрға «мұсылман дінбасыларына қарсы бағытталған әрекеті үшін» импичмент жариялады. Оның отставкаға кетуіне Иранның жоғарғы көсемі аятолла Хомейнимен келіспеушілігі себеп болған еді.

Өзгелердің жаңалығы