Instagram арқылы лотерея өткізіп жүргендерге заң жүзінде тыйым салынады

5 Ақпан 2020, 11:57
1957
Бөлісу:
Instagram арқылы лотерея өткізіп жүргендерге заң жүзінде тыйым салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова лотерея туралы заңға енгізілген түзетулер мен толықтырулар туралы айтты.

Толық атауы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР заң жобасы бірінші оқылымда қабылданды. 

Бұл заң 2016 жылдың 9 сәуірінде қабылданған. Қазіргі кезде бұл заңнаманы жетілдіретін біраз мәселелер анықталды. Нормативтік түзетулер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобасының мақсаты – лотереялық қызметті жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын одан әрі нығайту. 2017 жылғы ақпандағы ҚР үкіметінің қаулысымен "Сәтті жұлдыз" АҚ лотерея операторы болып анықталды. Жаңа заңға сәйкес, анықталған лоторея операторы лотерея билеттерін сату, қазақстандықтарға ұтыстарды төлеу, Қазақстан бюджетіне салық төлеу, спортты дамытуға төлемдер, сондай-ақ үш мыңнан астам шағын бизнес субъектілеріне қосымша табыс көздерін және жұмыс орындарын құру мәселесін қамтамасыз етті, - деді Ақтоты Райымқұлова. 

Оның айтуынша, лотереяны өткізуші жиналған қаражаттың бір бөлігін елдегі спорттың дамуына бағыттайды. 

Лотереяда лотерея операторы қатысушылардың ақшасын жинайды және кейіннен оларды осы қатысушылардың арасында таратады. Барлығына емес, сәтті түскендерге кепілдік береді. Сонымен қатар, жиналған қаражаттың бір бөлігін елдегі спорттың дамуына бағыттайды. Лотерея операторының міндеті - ұтыстарды лотерея қатысушылары арасында еркін таңдау тәсілімен бөліп беру. Лотерея өткізу елімізде мемлекет бақылауында екенін атап өткім келеді, - дейді министр. 


 

Өзгелердің жаңалығы