Бас жаңалықтар
Игорь Крутой Димаш жолдаған эстафетаны қабыл алды
11 Шілде 2019, 20:05 1120

Игорь Крутой Димаш жолдаған эстафетаны қабыл алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің халық әртiсi Игорь Крутой Димаш Құдайберген жолдаған эстафетаны қабыл алды.

«Димаш Құдайбергеннің @kudaibergenov.dimash Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай ақынның өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын зор құрметпен қабыл алдым. Осы эстафетаны ҚР Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағанбетовке жолдаймын»,- деп жазады Игорь Крутой өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 жастағы мектеп оқушысының эстафетасын қабыл алып, оны Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға және бүкіл әлемді мойындатқан талантты әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Ал Димаш бұл эстафетаны Ресейлік Игорь Крутой мен әлемдегі барлық тыңдармандарына жолдаған болатын.

Загрузка...

Сізден жаңалық