Грузиялық ғалым коронавирусты жоятын антисептик жасап шығарды
31 Қазан 2021, 11:29 405

Грузиялық ғалым коронавирусты жоятын антисептик жасап шығарды

Алматы, BAQ.KZ. «Грузияда жасалған», «әлемде алғаш рет». Коронавирустан қорғайтын жаңа препарат туралы осы сөздерді қолдануға болады. Ғалым Теймураз Курцхалия ковидті жоятын сұйықтық аяқ астынан жасалғанын айтады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасы хабарлады.

Біз бірнеше жылдан бері биохимия мен генетикада өте жақсы зерттелген домалақ құрттар – нематодаларды зерттеп келеміз. Олардың құрамында өте күшті тотықтандырғыш заттың барын анықтадық. Бұл – кішкентай карбоксиль қышқылы мен амин қышқылы глицині,-дейді молекулярлы-жасушалы биология және генетика институтының профессоры Теймураз Курцхалия.

Препараттың адам денсаулығы үшін кері әсері жоқ. Зерттеудің біраз бөлігі Германияда жасалған. «Глипера» атауы берілген сұйықтық Үнідстандағы ірі зертханалардың біріндегі сынақтан сәтті өткізілді.

Іс-тәжірибелер нәтижесі өте оңды болды. «Глипера» препараты 100 пайыз тиімділігін көрсетті. Ол 10 минут ішінде бүкіл вирусты өлтірді және жасушаға еш зиян келтірмеді. Қазір бірнеше компаниямен келіссөз жасап жатырмыз. Үндістанда да өндіруіміз мүмкін,-дейді, фармкомпанияның бас менеджері Вахтанг Павленишвили.

«Глипер» қазірдің өзінде Грузияның дәріханаларда үлкен сұранысқа ие. Мамандар бұл препарат вирусты пайда бола бастаған ерте кезеңінде жойып, жұқтыру деңгейін азайтады деп сенеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...