Бас жаңалықтар
Грекияда жартылай локдаун енгізілді
01 Қараша 2020, 05:45 165

Грекияда жартылай локдаун енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекия үкіметі жартылай локдаун тәртібін енгізді. Бір ай бойы елде дәмханалар, мұражайлар мен театрлар жұмыс істемейтін болды. Бұл туралы премьер-министр Кириакос Мицотакис мәлімдеді.

Сондай-ақ Грекия аумағында сағат түнгі он екіден таңғы беске дейін коменданттық сағат жарияланды. Жаңа шектеулерге сәйкес, ел тұрғындары енді бетпердені жабық бөлмемен қатар көшеде де тағуға міндетті.

Кәсіпорындардағы қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі тиіс. Жаңа ережелер 3 қарашадан бастап күшіне енеді.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...