Халықаралық турнирде Зарина Дияс ширек финалға шықты

8 Қаңтар 2020, 22:25
2633
Бөлісу:
Халықаралық турнирде Зарина Дияс ширек финалға шықты

Нұр-Cұлтан, BAQ.KZ. Осыдан бірер күн бұрын ғана Гонконгтағы ITF санатындағы турнирде топ жарып, барша қазақстандық жанкүйерлерді қуантқан Зарина Дияс жүлде қоры 750 мың АҚШ долларын құрайтын Шэньчжэньдегі жарысты да сәтті бастады, деп хабарлады egemen.kz.

Тұсаукесер кездесуде қытайлық Дуан Ин Иннен 6:3, 6:4 есебімен айласын асырған жерлесіміз келесі кезеңде ресейлік Анна Блинковамен шеберлік байқасты. 2 сағат 45 минутқа созылған бұл бәсеке Заринаның пайдасына шешілді. Есеп – 6:1, 6:7, 6:4.      

Енді ширек финалда Зарина Дияс испаниялық Гарбинья Мугурусамен күш сынасады. Бірден айта кетейік, бұл кездесудің фавориті – Пиреней түбегінің өкілі. Себебі, WTA рейтингінде Мугуруса отандасымыздан 30 саты жоғары тұр. Осыдан екі жыл бұрын ол әлемнің бірінші ракеткасы атанған. Сонымен қатар, Испания теннисшісі кезінде Ролан Гаррос пен Уимблдон турнирлерінде жеңімпаз атанған еді.  

 






Өзгелердің жаңалығы