Головкин әлемдік рейтингіде үздік бестікке енді

17 Қазан 2019, 06:55
2201
Бөлісу:
Головкин әлемдік рейтингіде үздік бестікке енді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Worldboxingnews әлемдік рейтингінде көтерілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рound-for-pound (салмақ санатынан тыс) рейтингінде Геннадий Головкин екі сатыға көтеріліп, бесінші орынға тұрақтады. Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегінде украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, IBF және IBO чемпиондық белбеулерін иемденді.

Рейтингінің көшін украиналық Василий Ломаченко бастаса, екінші орынға Сауль "Канело" Альварес жайғасты. Үздік үштікті америкалық боксшы Эррол Спенс түйіндеді.


Өзгелердің жаңалығы