Головкин Деревянченконы жеңді

6 Қазан 2019, 09:42
2825
Бөлісу:
Головкин Деревянченконы жеңді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен украиналық Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек аяқталды.

Головкин алғашқы раундта қарсыласын нокдаунға жібергенімен, украиналық боксшы орнынан тұрып жекпе-жекті жалғастырды. Екінші раундта Деревянченко бірнеше соққыны өткізіп алды. Келесі раундтарда боксшылар соққы алмасып, тең бокстасты. Екі боксшы да ерте аяқтауға тырысқан жекпе-жек 12 раундқа созылды. Судьялардың бірауыз шешімімен Головкин жеңіске жетіп, орта салмақ дәрежесіндегі IBF және IBO титулдарын иеленді.

Осыған дейін боксшылардың жекпе-жектен табатын табыстары белгілі болған еді. Головкин жекпе-жек үшін 15 миллион АҚШ долларын, Деревянченко өз кезегінде 4 миллион АҚШ долларын алады, бірақ оған кепілдендірілген сома - 5,2 миллион АҚШ доллары.

Өзгелердің жаңалығы