Бас жаңалықтар
Головкин – Альварес жекпе-жегінің қашан өтетіні айтылды
25 Мамыр 2020, 17:41 252

Головкин – Альварес жекпе-жегінің қашан өтетіні айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Mathroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы жекпе-жектің өтетін орны мен уақытын атады, деп жазады Prosports.kz.

Головкин мен Камил Шеремета арасындағы жекпе-жек тамыз айында өтеді. "Канело" қыркүйек айында Сондерспен жұдырықтасады. Ал Головкин мен Канело желтоқсан айында рингте кездеседі. Жыл аяғында жағдай қалпына келіп, жанкүйерлер Лас Вегаста бокс тамашалай алады деп сенемін, - деді Хирн.

Айта кетейік, Головкин польшалық Шереметамен жекпе-жекте IBF чемпиондық титулын қорғайды. Ал Альварес супер орта салмақта Билли Джо Сондерспен жұдырықтасады

Еске сала кетейік, «Канело» мен GGG арасындағы алғашқы жекпе-жек 2017 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста өтті. Ол кезде тең нәтиже тіркелді. Қос қарсылас араға тура бір жыл салып қайта кездескен. Ол жолы мексикалық төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...