Бас жаңалықтар
Германияда індетке байланысты жаңа шектеулер енгізілді
30 Қыркүйек 2020, 13:44 133

Германияда індетке байланысты жаңа шектеулер енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияда мейрамхана мен дәмханаларда жалған ақпарат тастағандарға айыппұл салатын болды, деп жазды «Хабар 24». 

Кей мейрамханада індеттің таралуы болған соң дәрігерлер көрсетілген ақпарат бойынша науқастарды таба алмай қалған кездер тіркелген. Енді осындай жалған мәлімет бергені үшін әр азамат 50 еуро айыппұл төлейді. Берлинде 500 еуро. Ал Шлезвиг-Гольштейн билігі оның көлемін 1 мың еуроға дейін жеткізген. 

Бұдан бөлек, елде отбасылық той-думандарға қатысатын адамдардың санын шектеу қарастырылып жатыр. Оған жақында отбасылық мейрамнан кейін адамдардың вирусты жаппай жұқтыру оқиғасы себеп болды. 

Елде екінші рет жалпыұлттық карантин енгізбеу үшін індетті аймақтық деңгейде бақылауды күшейтуіміз керек. Қазір вируспен күресте мол тәжірибеміз бар. Жазда кеселдің таралуы бәсеңдегенімен, қыста жағдай нашарлауы мүмкін. Қазір қалаларда індеттің қайта күшеюі алаңдатады. Бірақ вирусқа қарсы күресте дұрыс шаралар қабылдасақ, оны жеңетінімізге сенімдімін, - деді Германия канцлері Ангела Меркель.




Фото: ашық дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//