Германия канцлері Ангела Меркель жұмысына оралды

4 Сәуір 2020, 03:52
1353
Бөлісу:
Германия канцлері Ангела Меркель жұмысына оралды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркель екі апталық үй карантинінен шығып, жұмысқа оралды, деп хабарлайды Reuters.

Ангела Меркель бүгін Федералдық канцлер ведомствосына жұмыс орнына оралады. 14 күндік үй карантині аяқталды, - деп хабарлады ГФР Министрлер кабинетінің ресми өкілі Штеффен Зайберт 3 наурызда өткен брифингте.

Бұған дейін Ангела Меркель үйде оқшауланған. Себебі оған 20 наурызда пневмококтің алдын алуға арналған екпе жасаған дәрігер коронавирус жұқтырып алды. Германия канцлерінің коронавирусқа тапсырған алғашқы сынақ нәтижесі теріс болды. Екіншісінен де инфекция расталмаған. 



Өзгелердің жаңалығы