Ғалымжан Қойшыбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен кетті

25 Наурыз 2019, 20:10
2959
Бөлісу:
Ғалымжан Қойшыбаев Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаевты қызметінен босату туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы