Ғалымдар қан қысымын тез түсіретін сусынды атады

14 Қараша 2021, 15:11
3421
Бөлісу:
Ғалымдар қан қысымын тез түсіретін сусынды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қан қысымын қара шаймен тез төмендетуге болады. Мамандар бұл сусынның әсері әлі толық зерттелмегенін атап өтті.

Батыс Австралия университеті ғалымдарының зерттеу нәтижелері American Journal of Clinical Nutrition журналында жарияланды.

Тәжірибеге қан қысымы тұрақты түрде жоғары ер адамдар мен әйелдер де қатысты.

Зерттеуге қатысушыларға күніне үш рет қара шай беріліп отырды. Қан қысымы тәжірибенің алғашқы күні, одан соң үш айдан кейін және алты айдан кейін өлшенді. Түн мезгілінде қан қысымы белсенді түрде төмендей бастағаны белгілі болды. Бұл кофеиннің қан қысымының төмендеуіне еш әсері жоқтығын көрсетті.

Бұл тұжырымдар қара шайдың кейбір құрамдас бөлігі, бірақ кофеиннен басқасы, түнде қан қысымына әсер ететінін көрсетеді, - дейді зерттеушілер.
Бір кесе шайдан кейін қысым өте тез төмендейді. Осындай жайт эксперименттің алғашқы күнінде-ақ байқалды және алты ай бойы сақталды.
Өзгелердің жаңалығы