Ең қымбат футболшының есімі белгілі болды

9 Қаңтар 2019, 12:25
2381
Бөлісу:
Ең қымбат футболшының есімі белгілі болды

Астана, baq.kz. CIES Football Observatory әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады. «ПСЖ» футбол клубы сапындағы 20 жастағы француз футболшы Клиан Мбаппе 218,5 млн еуромен көш бастады.

Одан кейінгі орындарда «Тоттенхэм» клубының ойыншысы Гарри Кейн (200,3 млн) мен Мбаппенің командаласы Неймар (197,1 млн) тұр. «Ливерпуль» шабуылшысы Мохамед Салах (184,3 млн) бесінші орында, Лионель Месси (171,2 млн) – 7-орында. Ал 19-орынға тұрақтаған «Ювентус» сапындағы Криштиану Роналдуды 127,2 млн еуроға сатып алуға болады.
 
Айта кетсек, Клиан Мбаппе 2018 жылы үздік француз футболшысы, футболдан ӘЧ-2018 үздік жас ойыншысы атанған болатын. Сондай-ақ, әлемнің үздік жас футболшысы ретінде «Алтын допқа» ие болды.



Өзгелердің жаңалығы