Футболдан Қазақстан құрамасына кімдер шақырту алды?

1 Қараша 2021, 17:15
978
Бөлісу:
Футболдан Қазақстан құрамасына кімдер шақырту алды?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов қараша айында өтетін Франция мен Тәжікстанға қарсы матчқа шақырылған ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

Қақпашылар: Стас Покатилов («Қайрат»), Мұхамеджан Сейсен («Тараз»), Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);

Қорғаушылар: Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Абзал Бейсебеков («Астана»), Темірлан Ерланов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе»), Сергей Малый, Александр Марочкин (екеуі де – «Тобыл»), Нұралы Әліп, Ян Вороговский (екеуі де – «Қайрат»), Ескендір Қыбырай («Шахтер»), Әлібек Қасым («Қызыл-Жар СК»), Мақсат Тәйкенов («Каспий»), Еркін Тапалов («Ақжайық»), Сағадат Тұрсынбай («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Бақтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат («Астана»), Асхат Тағыберген, Азат Нұрғалиев, Самат Жарынбетов (барлығы – «Тобыл»), Георгий Жуков («Висла», Польша), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Рамазан Оразов («Ақтөбе»), Владислав Васильев («Андижан», Өзбекстан);

Шабуылшылар: Оралхан Өміртаев («Шахтер»), Артур Шушеначев («Қайрат»), Айбар Жақсылықов («Жетісу»), Рамазан Кәрімов («Каспий»).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 13 қарша күні Франция құрамасына қарсы ойнайды. Матч «Парк де Пренс» стадионында өтеді. Ал 16 қараша күні ұлтық құрамамыз «Астана Аренада» Тәжікстан командасына қарсы жолдастық кездесу өткізеді.



Өзгелердің жаңалығы