Фукусимадағы жер сілкінісі. Зардап шеккендер саны 150-ге жетті

14 Ақпан 2021, 19:51
1901
Бөлісу:
Фукусимадағы жер сілкінісі. Зардап шеккендер саны 150-ге жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда сенбі күні жер сілкінісінен кемінде 150 адам зардап шегіп, түрлі жарақат алған. Бұл туралы бүгін елдегі орталық қоғамдық телеарна хабарлады.

БАҚ мәліметіне қарағанда, жер сілкінсінің күші 7,3 балға жеткен. Зардап шеккендердің көбі елдегі Мияги және Фукусима өңірлерінің тұрғындары.

Жапон сейсмологтары жер сілкінісі 2011 жылғы 11 наурыздағы жер сілкінісінің салдары деп санайды.

Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга жергілікті тұрғындарды өз үйлерінен шықпауға, ерекше қажеттіліксіз көшеге шықпауға және жер сілкінісінен кейін болуы мүмкін дүмпуге дайын болуға шақырды. Премьер-министрдің айтуынша, жер асты дүмпулері салдары тым ауыр болмаған.

Қаза болғандар туралы ақпарат әлі жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жапонияда жер сілкінісі болғанын, онда зардап шеккендер саны 100-ден асқанын хабарлаған болатынбыз.


Өзгелердің жаңалығы