Жапонияда жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің саны 100-ден асты

14 Ақпан 2021, 11:42
2757
Бөлісу:
Жапонияда жер сілкінісі кезінде зардап шеккендердің саны 100-ден асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбіде Жапонияда болған 7,3 балдық жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 100-ден асып кеті.

Кеше Тынық мұхитындағы Фукусима жапон префектурасының солтүстік-шығысында күшті жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 7,3 балды құрады.

Жапон сейсмологтары жер сілкінісі 2011 жылғы 11 наурыздағы жер сілкінісінің салдары деп санайды.

Жапония премьер-министрі Есихидэ Суга жергілікті тұрғындарды өз үйлерінен шықпауға, ерекше қажеттіліксіз көшеге шықпауға және жер сілкінісінен кейін болуы мүмкін дүмпуге дайын болуға шақырды. Премьер-министрдің айтуынша, жер асты дүмпулері салдары тым ауыр болмаған.

Қаза болғандар туралы ақпарат әлі жоқ.

Сонымен қатар қоғамдық теледидардан жергілікті тұрғындарды жағалауға жақындамауға шақырады.


Өзгелердің жаңалығы