16 маусым күні Фируза Шәріпованың жекпе-жегі болмайды

13 Маусым 2019, 18:01
1741
Бөлісу:
16 маусым күні Фируза Шәріпованың жекпе-жегі болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәсіпқой бокс бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова ІІ бүкіләлемдік бокс форумында жұдырықтаспайды. Бұл туралы ол өзінің инстаграмдағы парақшасында жазды.

«Өкінішке қарай 16 маусымда менің жекпе-жегім болмайды. Оған себеп – қаржыландырудың жоқтығы. Осынау кең масштабты оқиғаға орайластырылған жекпе-жегімнің болмайтыны өкінішті. Бізге бірнеше версия бойынша әлем чемпионы белбеулерін санкциялауға қаржылық қолдау білдіруге уәде етілген еді. Біз дайындыққа қаншама қаржы жұмсадық, бірақ бәрі бекер болды. Мен өзімнің командама, бапкерлеріме алғыс айтамын. Сонымен қатар, қатыспайтын болсам да, осындай маңызды оқиға кезінде жұдырықтасу кешінде өнер көрсетуіме себептескен Сергей Завилевскийге шексіз алғысымды білдіремін. Жақын арада мән-жайды толық айтып береміз», - деді Шәріпова.

Айта кетейік, 16 маусымда Екатеринбургте Фируза Шәріпова ресейлік Юлия Куценкомен реванш өткізбекші болған. ІІ бүкіләлемдік бокс форумы 13-16 маусым аралығында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы