Филиппинде вакцинация қарқыны артып келеді

29 Шілде 2021, 22:47
2935
Бөлісу:
Филиппинде вакцинация қарқыны артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір күн бұрын, Sinovac Қытай фармацевтикалық концерні әзірлеген CoronaVac вакцинасының 1,5 миллион дозасы ел астанасы Манилу халықаралық әуежайына жеткізілді.

Жұма күні Қытайдан тағы 1 миллион доза келеді деп күтілуде. Осылайша, ақпан айынан бастап Филиппиндер COVID-19-ға қарсы вакцинаның 32,8 миллионнан астам дозасын алды. Ел күніне 500 000 доза екпе егу көрсеткішінен асты, тек өткен сәрсенбінің өзінде 659 000-нан астам вакцинация жасалды. Осылайша, қазірдің өзінде 6,8 миллионнан астам филиппиндіктер COVID-19-ға қарсы толығымен вакцинацияланды.

Өзгелердің жаңалығы