Бас жаңалықтар
SAMGAU халықаралық фестиваліне 15 театр қатысады
07 Маусым 2019, 11:59 1166

SAMGAU халықаралық фестиваліне 15 театр қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-16 маусым аралығында елордада VII SAMGAU халықаралық театр өнері фестивалі өтеді. Шара жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады және Елорда күніне арналған мерекелік шаралар легін бастайды, деп хабарлады қалалық Мәдениет және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

SAMGAU театр фестивалі – елордалық өнер сүйер қауым тағатсыз күтетін шаралардың бірі. Фестивальде еліміздің және таяу шетелдің айтулы театр ұжымдары бас қосады. Шара қонақтары өздерінің үздік туындыларын «Жастар» театрының, Қазақ драма театрының және Nomad City Hall комедия театрының сахналарында қояды.

Биыл театр өнері апталығында 15 ұжым өз өнерлерін ортаға салмақ, оның ішінде бесеуі елордалық: «Жастар» театры, М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, «Nomad City Hall» комедия театры мен ҚР еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеуіловтың театры «SAMGAU» фестиваліне алғаш рет үлес қоспақ. Сонымен қатар, халықаралық шара барысында Қазақстаннан Н.Погодин атындағы Солтүстік Қазақстан драма театры (Петропавл), «Жаңа ғасыр» театры (Алматы қ.), Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры (Павлодар қ.), С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры (Қарағанды қ.), Шығыс Қазақстан облысының драма театры (Өскемен) шақырылды. Ал, шетелдік қатысушылардың арасында Өзбекстан мемлекеттік драма театры (Ташкент қ.), «У Моста» Пермь театры (Ресей, Пермь қ.), Жаңа көркем театры (Ресей, Челябі), «Pilies» театры (Литва, Клайпеда қ.), Б. Кыдыкеева атындағы Қырғыз Мемлекеттік жас көрермен театры (Қырғызстан, Бішкек қ.) бар.

Көрермендер «Айман-Шолпан», «Отец», «Ромео и Джульетта», «Карагоз», «Венецианские близнецы», «Труффальдино – слуга двух господ», «Лейли-Меджнун», «Джут» спектакльдерін, «Ричард III» реквиемін және басқа да қойылымдарды тамашалайды. VII SAMGAU халықаралық театр өнері фестивалі аясында спектакль көрсетілімдерінен басқа, сахна майталмандары актерлік шеберлік пен режиссурадан шеберлік дәрістерін өткізеді. Фестиваль бойынша толық ақпарат Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасының www.madeniet-sport-astana.kz сайтында ұсынылған.

Биыл фестивальде қазылар алқасының құрамында театр өнерінің көрнекті қайраткерлері, оның ішінде театртанушы, театр сыншысы, драматург, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер Қазақ мемлекеттік академиялық театрының көркемдік жетекшісі Еркін Жуасбек, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі, театра және кино режиссері, Қазақстанның халық артисі Талғат Теменов, өнертану докторы, театр сыншысы, ГИТИС – Ресей театр өнері институтының профессоры – Нина Шалимова, театр сыншысы, өнертану кандидаты, Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Анар Еркебай және РКФСР еңбек сіңірген артисі, Ресей халық артисі, «Алтын Витязь» халықаралық кинофорумының президенті Николай Бурляев төрелік етеді.

Айта кетейік, SAMGAU халықаралық театр өнері фестивалі Қазақстанның астанасында 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы күнге дейін шараға Қазақстанның аймақтық театрлары – Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарының, сонымен қатар Ақтау, Атырау, Алматы, Жезқазған, Талдықорған, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент, Семей қалаларының шығармашылық ұжымдары қатысқан. Бұдан басқа, Орталық Азия, Ресей, Литва, Түркия, Дағыстан, Грузия, Украина және Сербия елдерінің театр ұжымдары фестивальде өз өнерлерін ортаға салды.

SAMGAU VІІ Халықаралық театр фестивалінің

БАҒДАРЛАМАСЫ 

Өтетін уақыты:                                                    2019 жылғы 10-16 маусым

Өтетін орны:                                                          Қала театрлары

 

Күні

 

Іс-шараның атауы

Қатысушылар

 

Жастар театры

                                                                 (І. Есенберлин к-сі, 10)

10 маусым

17:30

Баспасөз конференциясы

Баспасөз конференцияның қатысушылары

 

10 маусым

19.00

 

«SAMGAU» VІІ Халықаралық театр фестивалінің салтанатты ашылуы

Барлық фестиваль қатысушылары

«Айман-Шолпан», музыкалық комедия

авторлары – М. Әуезов, Қ. Мұхамеджанов

режиссері – Н. Жақыпбай

Жастар театры

(Нұр-Сұлтан қ.)

12 маусым

16.00

«Отец», 4 актілі трагедиялық балаган (антрактсыз)

авторы – М. Горький

режиссері – Й. Вайткус

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық

орыс драма театры

(Нұр-Сұлтан қ.)

13 маусым

11.00-13.00

 

Актерлік шеберлік бойынша мастер-класс

(ескерту: киім үлгісі - спорттық киім)

 

Фестивальға қатысушылар

13 маусым

16.00

 

«Ромео-Джульетта», трагикомедия

авторы – У. Шекспир

режиссері – Г. Зальцман

Н. Погодин атындағы

Солтүстік Қазақстан облысының

орыс драма театры

(Петропавл қаласы)

14 маусым

9.00-11.00

 

Режиссура бойынша мастер-класс

 

Фестивальға қатысушылар

14 маусым

11.00

«Қарагөз», трагедия

авторы – М. Әуезов

режиссері – А. Әшімов

«Жаңа ғасыр» театры

(Алматы қ.)

15 маусым

9.00-11.00

 

Актерлік шеберлік бойынша мастер-класс

(ескерту: киім үлгісі - спорттық киім)

 

Фестивальға қатысушылар

15 маусым

16.00

«Венециялық егіздер»

комедия дель арте

авторы – К. Гольдони

режиссері – Б. Шамбетов

Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облысының қазақ музыкалық драма театры

(Павлодар қ.)

16 маусым

11.00

«Труффальдино – слуга двух господ»

маскалар комедиясы

авторы – К. Гольдони

режиссері – О. Салимов

Өзбек Мемлекеттік драма театры

(Өзбекстан, Ташкент қ.)

 

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық

қазақ музыкалық драма театры

(Ж. Омаров к-сі, 47 Б)

11 маусым

19.00

«Ләйлі-Мәжнүн», поэма

авторы – Низами

режиссері – Б. Абдураззақов

Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық

қазақ музыкалық драма театры

(Нұр-Сұлтан қ.)

12 маусым

11.00

«JAN», моноспектакль

авторы – Абай

режиссері – Ф. Молдағали

Актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері

Нұркен Өтеуілов

(Нұр-Сұлтан қ.)

12 маусым

19.00

«Калека с Инишмана»

Ирландық комедия

авторы – М. МакДонах

режиссері – С.Федотов

«У Моста»

Пермь театры

(Ресей Федерациясы, Пермь қ.)

13 маусым

11.00

«Ешкім де кінәлі емес», драма-абсурд

авторы – Р. Мұқанова

режиссері – Б. Киекбаев

Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театры

(Қарағанды қ.)

13 маусым

19.00

«Саня, Ваня, с ними Римас», 2 бөлімді ән

авторы – В. Гуркин

режиссері – Е. Гельфонд

Жаңа Көркемөнер театры

(Ресей Федерациясы,

Челябі қ.)

14 маусым

19.00

«Фабийонас», монодрама

авторы – Р. Шавялис

режиссері – А. Визгирда

«Pilies» театры

(Литва, Клайпеда қ.)

15 маусым

11.00

«Жұт», драма

авторы – О. Жаңайдаров

режиссері – А. Салбан

Шығыс Қазақстан облыстық драма театры

(Өскемен қ.)

15 маусым

19.00

«Суфлер», драма

авторы және режиссері – С. Раев

Б.Қыдыкеева атындағы

Қырғыз Мемлекеттік жасөспірімдер театры

(Қырғызстан, Бішкек қ.)

 

Nomad city hall

(Мәңгілік Ел даңғ., 55/2)

16 маусым

17.00

«Ричард ІІІ», реквием

авторы – У. Шекспир

режиссері – Ф. Молдағали

«Nomad» театры

(Нұр-Сұлтан қ.)

16 маусым

18.30

«SAMGAU» VІІ Халықаралық театр фестивалінің салтанатты жабылуы

Барлық фестиваль қатысушылары

 


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...