Фараби-1150: Әл-Фарабиге арналған көрме ашылды

7 Ақпан 2020, 09:46
2827
Бөлісу:
Фараби-1150: Әл-Фарабиге арналған көрме ашылды
Фото: автордан

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Петропавлда шығыстың ұлы ойшылы, көрнекті ұстаз әл-Фарабиге арналған көрме ашылды. Ғұламаның 1150 жылдық мерейтойына орайластырылған шараға келушілер жалпы саны жүзге жуық әдебиетпен танысуға мүмкіндік алды.

"Әл-Фараби – шығыстың көрнекті ұстазы" С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада ашылған көрме осылай аталды. Оның тұсаукесер рәсіміне ардагер, студенттер, мектеп оқушылары мен басқа да қоғам белсенділері қатысты.

5.jpg

Көрмеге әлем халықтарының бірнеше тілінде жазылған әдебиеттер қойылды. Көрме арқылы ұлы ойшылдың философия, математика, музыка сынды тағы басқа салалардың дамуына елеулі үлес қосқанын аңғаруға болады. Сондықтан да оны "шығыстың екінші ұстазы" деп атайды. Кітапхана қоры жуырда жаңа кітаптармен толықты. "Шығыс ойшылдары" сериясымен жарыққа шыққан кітаптарды оқырмандар бүгін көре алады. Кітапхана қоры үнемі толықтырылып отыратынын айтып өткім келеді, - дейді С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының іс-шаралар ұйымдастырушысы Елена Скакунова.

Көрмеге өткен жылы "Мәдени мұра" бағдарламасы шеңберінде ЮНЕСКО-ның қолдауы бойынша жарыққа шыққан "Әлем ойшылы" әдебиеттерінің топтамасы да қойылған. Қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі кітаптаптар сериясы жеті томнан құралған. Еңбекте ұлы ойшылдың метаматика, философия, музыка және саясат саласында жүргізген зерттеулері жинақталған. Сонымен қатар, көрмеде Әнуар Әлімжановтың "бір ел-бір кітап" акциясы аясында басылып шыққан "Ұстаздың оралуы" атты еңбегін табуға болады.

  2.jpg

Көрмеге келіп, рухани байып қалдым. Әл-Фарабидің өмірі мен еңбектері жайындағы әдебиеттерден мол мағлұмат алуға болады. Кейін тағы да кітапханаға келіп, осы еңбектерді оқимын. Ұлы ойшылдың сарқылмас ойларымен білім алуға деген шөліңді қандыруға болады, - дейді шараға қатысушы Жансая Қайыпова.

Көрмеге республикалық қоғамдық-саяси "Мысль" журналы да қойылған. Аталған баспа құралының мұқабасы әл-Фарабидің суретімен безендіріліп, цитаталары жазылған. Көрме бір жыл бойы жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы