Еуропаны жайлаған қарлы бораннан 9 адам көз жұмды

9 Қаңтар 2019, 09:46
1247
Бөлісу:
Еуропаны жайлаған қарлы бораннан 9 адам көз жұмды

Астана, baq.kz. Еуропада боран соғып, қар жауып жатыр. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.

Дауылдан Амстердам қаласындағы әуежайдан 160 ұшақ көкке көтерілмеді. Германияның Бавария аймағында тоқтаусыз жауған қардан қоғамдық көліктер жүрісі тоқтап, оқу орындары уақытша жабылған.

Австрия елінде де дәл осындай жағдай. Соңғы мәліметке қарағанда, кәрі құрлықты жайлаған қарлы бораннан 9 адам көз жұмған. Олардың барлығы дерлік шаңғы тебетін таулы аймақтарда опат болған. Ал синоптиктер алдағы күндері осындай ауа райы сақталатынын ескертіп отыр. Кей жерлерде қардың қалыңдығы 2 метрге жетіп, таулы аймақтарда көшкін қаупі күшейеді.

 

Өзгелердің жаңалығы