Бас жаңалықтар
ЭЦҚ-ның неліктен онлайн берілмейтіні белгілі болды
18 Ақпан 2019, 15:04 361

ЭЦҚ-ның неліктен онлайн берілмейтіні белгілі болды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» басқарма төрағасы Әсет Тұрысов қазақстандықтарға электронды сандық қолтаңбаны алу үшін бір рет ХҚКО бару жеткілікті екенін айтты.

«Электронды сандық қолтаңбаны бір рет ХҚКО-ға барып алуды, мобильді үкіметке тіркелуді, телеграмм-ботқа қосылып, үйде отырып, ешқайда бармай-ақ қызметтерді алуды ұсынамын. ЭЦҚ-ны онлайн алу сұрағы бірнеше рет талқыланды. Сұрақ біз жауап беретін қауіпсіздік мәселесіне келіп тіреледі. Әрине, азаматтарға ЭЦҚ-ны онлайн алуды жеңілдеткіміз келеді. Сіздердің қауіпсіздіктеріңізге жауап береміз, не дегенмен қара ниетті адамдар бар. Сол себепті ХҚКО-ға бір рет бару қажет. Бұл біз үшін емес, бірінші кезекте азаматтар үшін керек. Бұл шынымен сіз екеніңізді, сіздің eGOV арқылы өтінім бергеніңізді растау үшін қажет. Сондықтан ЭЦҚ-ны алуды жеңілдету мәселесі зерттеліп жатыр», - деді Әсет Тұрысов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, ол бінде ЭЦҚ пайдалану мерзімін 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылғанын және ЭЦҚ-ны қолдану мерзімін онлайн ұзартуға болатынын айтты. Яғни, мерзімі бітуге таяғанда азаматтар сайтқа кіріп, тағы үш жылға ұзарта алады.

Бұған дейін 2018 жылы eGOV порталына 14 млн шабуыл жасалғанын хабарлаған болатынбыз.

Назерке Абибулла




Сізден жаңалық