"Ертіс орманы" табиғи резерватында өрт шықты

18 Сәуір 2021, 21:33
2255
Бөлісу:
"Ертіс орманы" табиғи резерватында өрт шықты
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өрттен зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асайын  Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Шарбақты ауданында «Ертіс орманы» резерватының Шалдай филиалы аумағында өрт шықты. Алдын ала болжам бойынша, құрғақ шөп  пен ағаштар (қарағай) жанған. Дала орманшылығында 149 кварталда өрт қауіптілігінің 3 сыныбы тіркелді. Оқиға орнында Шарбақты ауданының әкімі мен орынбасары бар, мен де өрт орнына шықтым, - деп жазады Асайын Байханов.

Тілсіз жауды жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндірушілер құрылымы және Ертіс орманы орман шаруашылығынан 44 қызметкер мен 13 техника жұмылдырылды.

Бұдан басқа, сағат 16:30-да Павлодар облысы ТЖД-нан өрт сөндіруге көмек көрсету үшін қосымша 7  техника  мен жеке құрамның 24 қызметкерінен тұратын колонна  жұмыс істеді  Павлодар қаласынан қосымша техника жіберіледі.

Облыстық ТЖД департаментінде 300 гектар аумақ жанып кеткенін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы