Ертіс өңірінде алғашқы тау-шаңғы базасы туристерді қабылдауға әзір

30 Қаңтар 2019, 21:29
2832
Бөлісу:
Ертіс өңірінде алғашқы тау-шаңғы базасы туристерді қабылдауға әзір

Павлодар облысы. BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінің Баянауыл ауданында тау-шаңғы базасы қысқы маусымды ашуға әзір. Қазіргі уақытта үш бірдей шаңғы трассасы дайын.

Мандардың айтуынша, Баянауыл ауданының туристік тартымдылығын Мырзашоқы тауындағы спорт нысаны арттырады.

«Бүгінде бес шаңғы жолының үшеуі дайын. Бірі экстремалды спортшыларға арналса, екіншісі әуесқойлардың көңілінен шықты. Іске қосылған аспалы жолдың ұзындығы бір шақырымға жетеді.  Кешен ресми түрде ашылмаса да, Мырзашоқы тауына келемін деушілердің қарасы қалың. Туристік нысанды салуға демеушілер 300 млн. теңгеден астам бөлген. Жалпы, спортшылар тарапынан оң пікір айтылып жатыр», - дейді Баянауыл аудандық спорт бөлімінің басшысы Зейнолла Тәліпов.

Ертіс өңірінде алғашқы тау-шаңғы базасы туристерді қабылдауға әзір

Мырзашоқы кешенінің салынуы жақын маңындағы ауылдардың азаматтары үшін жаңа жұмыс орындарын ашуға да сеп. Тау-шаңғы базасына жақын жерде Қаражар, Егіндібұлақ, Жалғызқайың ауылдары бар. Қазіргі уақытта оқушылар брендтік кәдесйылар жасап, туристер үшін жылқымен серуендеу ұйымдастыруда. Мәселен, Қаражар ауылының тұрғыны Аман Қанат ағаштан сувенирлер әзірлеген.

Ертіс өңірінде алғашқы тау-шаңғы базасы туристерді қабылдауға әзір

«Бірінші күні 2 мың теңге пайда таптым. Магниттердің бағасы қолжетімді. Оған қоса, бұл авторлық кәдесыйлар. Енді тағы шикізат сатып алып, жұмысымды жалғастырмақпын. Анам болса, Мырзашоқы жазуы бар жейделер мен бас киімдер тігіп жатыр. Біз туған жерімізді жұртқа таныстырғымыз келеді», - дейді Аман.

Ертіс өңірінде алғашқы тау-шаңғы базасы туристерді қабылдауға әзір

Айта кетейік, «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы шеңберінде биылғы жылы қасиетті өлке тарихи-археологиялық зерттеу орталығына айналады. Бір айдан кейін халқымыздың ұлттық құндылықтарын насихатау мақсатында «Ат – ер қанаты» атты фестиваль ұйымдастырылады. Ал жазда халықаралық дәрежедегі ғалымдар зерттеу жұмыстарын жүргізеді.

 

Ақмаржан Әділбек

Фото автордікі

Өзгелердің жаңалығы