Ермахан Ибраимов AIBA-ға мүше болды

28 Наурыз 2021, 18:49
3434
Бөлісу:
Ермахан Ибраимов AIBA-ға мүше болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) директорлар басқармасының дауыс беру қорытындысы бойынша екі қазақстандық басқарушы органдарының мүшесі етіп тағайындалды, деп хабарлады қазақстандық бокс федерациясы. 

Қазақстандық бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыстарды өткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірді, ал Сиднейдің Олимпиада чемпионы, Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагерлер мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болды.

Жаңадан тағайындалған қазақстандықтарға  AIBA президенті Омар Кремлев хатжолдады. Ол тағайындалғандардың  білімі мен тәжірибесі ұйымның дамуына құнды үлес қосатынына сенім білдірді, сондай-ақ бірлескен жұмысты бастау мүмкіндігін күтетінін атап өтті.

Азия бокс конфедерациясы да тағайындауға байланысты құттықтау жолдады.

Бұл 2018-2019 жылғы үзілістен кейін AIBA басқарушы органдарына тағайындалған алғашқы қазақстандықтар. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін комиссияларда біздің алты отандасымыз жұмыс істед. 2019 жылы ұйымдағы реформаларға байланысты барлық комиссиялар таратылып, қазір жаңадан қалыптастырылуда.

Өзгелердің жаңалығы