Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты

21 Қазан 2021, 11:50
2613
Бөлісу:
Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер үшін жұмыс және демалыс күндері:

«қызыл» және «қоныр қызыл» аймақтарда орналасқан өнірлерде - сағат 00.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 02.00-ге дейін;

«сары» аймақта орналасқан өнірлерде - сағат 01.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03.00-ге дейін;

«жасыл» аймақта орналасқан өнірлерде - сағат 03.00-ге дейін, «Ashyq» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05.00-ге дейін мынадай жұмыс режимін белгіленуді қамтамасыз етсін.

Демалыс күндері қызметкерлер мен келушілерде «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинациялау; сынамаларды іріктеу сәтінен бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тестің болуы; КВИ-ге қарсы вакцинациялауға тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы немесе КВИ-мен ауырып жазылған адамдар соңғы 3 ай ішінде) жұмыс істеуіне жол беріледі.

Осы тармақта көзделген «жасыл мәртебе» болуына және жұмыс режимін шектеуге қойылатын талап облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалға, отельдерге, қонақ үйлерге, әуежайларға, теміржол, автомобиль және су вокзалдарына, өзен және теңіз порттарына, автостанцияларға/автомобиль өту жолдарына, жолаушыларға қызмет көрсету пункттеріне, білім беру объектілеріне, ЖОО-ға, колледждерге, интернаттарға, білім беру ұйымдарының жатақханаларына қолданылмайды;

Медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт өткен, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты немесе COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын құжатты ұсынған кезде келушілердің, ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге (қарттар, мүгедектер үйлері, балалар үйлері және басқалар) баруына рұқсат етіледі;

Қаулының толық мәтінін мына сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыздар. 



Өзгелердің жаңалығы