Бас жаңалықтар
Қарағанды облысында ерекше балаларға арналған ойын алаңы салынды
22 Тамыз 2019, 22:26 207

Қарағанды облысында ерекше балаларға арналған ойын алаңы салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балқаш қаласында «Үлкен Жүрек» даму және әлеуметтік бейімдеу орталығының жанында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған ойын алаңы ашылды. 

Қарағанды облысы әкімдігінің хабарлауынша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша іске асырылған жобаны «Қоңырат» корпоративтік қоры қаржыландырды.

Ойын алаңы ерекше балалардың дамуына оң әсер ететін түрлі кешендермен жабдықталған. Демеушілердің айтуынша, әр механизм Санкт-Петербургте арнайы тапсырыс бойынша жасалған. 

04417440015664604602208201920_800x600.jpg

Балқаш қаласының әкімі Ораз Тәуірбеков қалада бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан төртінші ірі жоба екенін атап өтті.

«Балалар үшін жағдай жасау – біздің мемлекетіміздің алға қойып отырған басымдықтарының бірі. Біздің міндетіміз – әрбір балаға бақытты болашақ сыйлау. Бұл ойын алаңы ерекше қажеттіліктері бар балалардың дамуына, олардың қоршаған ортаға бейімделуіне ықпал етеді», - деп атап өтті қала басшысы.

06996950015664604602208201920_800x600.jpg

Бұл «Қоңырат» корпоративтік қорының «Үлкен Жүрек» даму және әлеуметтік бейімделу орталығына көрсетіп отырған алғашқы көмегі емес. Осы көктемде қор орталыққа жаңа кең ғимарат сыйлаған болатын.


Фото: дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық