Енді Алматыдан Таразға дейін 5 мың теңгеге ұшып баруға болады

29 Наурыз 2019, 16:30
2541
Бөлісу:
Енді Алматыдан Таразға дейін 5 мың теңгеге ұшып баруға болады

Алматы, BAQ.KZ. FlyArystan әуекомпаниясы Алматы-Тараз және Алматы-Орал бағытындағы билет құны жайлы айтты. Әуекемелері 1 мамырдан бастап қатынай бастайды.

FlyArystan әуекомпаниясының Алматы-Тараз бағытындағы алғашқы рейсі 1 мамырға жоспарланған. 60 миниутты құрайтын сапардың бір жақты билеті 4999 теңгеден басталады, сондай-ақ оған әуежай алымдары қосылады.
Мамандардың айтуынша, күнделікті рейсте 180 орынды соңғы заманауи Airbus A320 ұшақтары қызмет көрсетеді. Әуекомпания Алматы-Тараз бағытында бір жылда 130 мың жолаушыны тасымалдауға қауқарлы.

«Біздің басты мақсатымыз халыққа қолжетімді, әрі жайлы сапар шегу мүмкіндін сыйлап, тарихы мен мәдениеті бай өлкемізді жан-жағынан ашып көрсету. Бұдан былай отандастарымыз FlyArystan арқылы Қазақстан ішінде жеңіл қатынап, жақын туыстарына жиі қонаққа барады деген үміттеміз. Ал кәсіпкерлер серіктестерімен байланысты лезде орнатып, жолға алтын уақыттарын жоғалтпай, Алматы-Тараз-Алматы бағытымен қатынау арқылы екі қаланың арасындағы экономикалық байланысты одан әрі нығайта түседі», - дейді әуекомпанияның сату мен маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

2 мамырдан бастап әуекомпания Алмат-Орал бағытындағы екінші рейсін іске қосады. Оның да билеттері сатылымға шығырылған, бір бағытқа ұшу құны 12 999 теңгеден басталады. Билеттерді әуекомпанияның flyarystan.com ресми сайтынан алуға болады.

 

Өзгелердің жаңалығы