Еңбек кітапшасы, өмірбаян: Президент қағазбастылықтан арылу қажеттігін айтты
16 Қараша 2021, 17:04 467

Еңбек кітапшасы, өмірбаян: Президент қағазбастылықтан арылу қажеттігін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қағазбастылықтан арылу қажеттігін айтты.

Құжат айналымы мен іс жүргізуді цифрландыра берген жөн. Қазір елімізде еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі біртіндеп енгізіліп жатыр. Бұл жүйе еңбек кітапшаларынан бас тартуға және қағазбастылықтан құтылуға мүмкіндік береді. Дегенмен жұмыс берушілердің көбі әлі күнге дейін қызметкерлерінен еңбек кітапшасын, жеке парағы мен жазбаша өмірбаянын тапсыруды талап етеді, - деп айтты Мемлекет басшысы.

Тоқаев азаматтардың бұл мәселеге наразылық білдіруі орынды екенін айтты.

Мұндай ескі тәсілдерден арылу қажет. Осы мәселені Ұлттық кеңес мүшелері және басқа сарапшылар да көтеріп жүр, - деп атап өтті.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...